Thursday, 06 May 2021, 13:32:19 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Парламенттердің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттері басшыларының кездесуін өткізді

2020 жылғы 17 қыркүйекте Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының қолдауымен ТҮРКПА-ның мүше-парламенттерінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттері басшыларының «COVID-19 пандемиясы: оның әсері және болашақтағы көрінісі» тақырыбындағы кездесуі бейнеконференция форматында өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан парламенттерінің денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттерінің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты. Кездесуді Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Денсаулық сақтау, отбасы, еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы Реджеп Акдаг мырза жүргізді.

Ашылу салтанатында тиісті комитеттердің басшылары, сондай-ақ ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов пен Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев мырзалар сөз сөйледі. Ашылу салтанатынан кейін Комитет мүшелері негізгі тақырып бойынша сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар COVID-19 пандемиясының денсаулық сақтау жүйелеріне және денсаулық сақтау қызметкерлеріне әсерін талқылады, сонымен қатар өз елдерінде қабылданған алғашқы шаралар туралы хабардар етті. Бұл тұрғыда олар тиісті саладағы болашақ ынтымақтастықтың басым бағыттары, әдістері мен механизмдері туралы пікір алмасты.