Thursday, 06 May 2021, 12:50:29 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркия Парламентінің Төрағасы ТҮРКПА Комиссиясының мүшелерін қабылдады

2020 жылғы 27 ақпанда Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының (ТҰҰЖ) Спикері Мустафа Шентоп мырза Анкарадағы ұйымдастырылған семинарға қатысқан Комиссия төрағасы Садық Шер-Нияз мырза бастаған Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия мүшелерін қабылдады. Отырысқа ТҮРКПА комиссиясының жұмысына қатысушы ретінде Өзбекстан делегациясы да қатысты.

Шентоп мырза ұлттық заңнаманы үйлестіру бағытындағы іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және қатысушыларға күш салғаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде, семинарға қатысушылар ТҰҰЖ-дың 100 жылдығымен құттықтап, шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.