Friday, 07 May 2021, 08:40:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА бейнеконференция форматында парламенттердің зерттеу бөлімшелері басшыларының кездесуін өткізді

2020 жылғы 29 мамырда ТҮРКПА ғылыми-зерттеу орталықтары немесе мүше парламенттердің тиісті бөлімшелері басшыларының кездесуін бейнеконференция форматында ұйымдастырды. Кездесудің тақырыбы «Парламенттік ғылыми-зерттеу қызметтерін кеңейту» болды.

Видеоконференция жұмысына ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, мүше парламенттердің халықаралық қатынастар бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері қатысты. Кездесуді Халықаралық қатынастарды талдау орталығының (AIR Center - Әзербайжандағы аналитикалық орталығы) сыртқы саясат бөлімінің бастығы Джавид Валиев жүргізді.

Отырыс барысында ашылу салтанаты мен «Парламенттер үшін парламенттік зерттеулердің құндылығы», «Түркия Ұлы Ұлттық Ассамблеясының ғылыми-зерттеу орталығының тәжірибесі» және «Парламенттік зерттеулердің дүниежүзілік болжамы: зерттеу бөлімдері арасында ынтымақтастық орнату туралы ұсыныстар» атты үш сессия болды.

Парламентарий мүшелері және қатысушылар конференция барысында сөз сөйлеп, баяндама жасады, парламенттік зерттеудің маңыздылығын атап өтті және тиісті департаменттердің қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді, сондай-ақ болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Сессиялар сұрақ-жауап сессиясы және қатысушылардың аталған мәселе бойынша пікірталастарымен аяқталды.