Friday, 07 May 2021, 08:33:56 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА-ның байқаушылары баспасөз мәслихатында қорытындыларын ұсынды

ТҮРКПА халықаралық байқаушылардың миссиясы Әзербайжанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды бақылау нәтижелері туралы баспасөз конференциясын өткізді. Миссия басшысы Исмет Учма мырза мәлімдеме жасап, әзербайжандық БАҚ өкілдеріне ТҮРКПА-ның байқау бағдарламасы туралы хабарлады. Миссия мүшелері Берік Оспанов мырза, Динар Нөкетаева ханым және Зийадин Жамалдинов Әзербайжандағы сайлау процесі мен сайлау ортасы туралы өз ойларымен бөлісті.

Миссия елеулі бұзушылықтар немесе заңнамалық актілерден ауытқушылықтар байқалмағанын және тиісті органдар сайлауды өткізуге кәсіби дайындалғанын атап өтті.

Миссия Әзербайжан Республикасында 2020 жылғы 9 ақпандағы парламенттік сайлау Әзербайжанның ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өтті деп қорытындылады.