Friday, 07 May 2021, 09:03:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесті

2020 жылғы 6 ақпанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Түркі Кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысу үшін Бакуге сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Бас хатшы министрге Ассамблея аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Өз кезегінде, ҚР СІМ басшысы ТҮРКПА қызметі мен бастамаларын қолдауға дайын екендігін білдірді.

Тараптар 2019 жылғы желтоқсанда Бакуде өткен Тоғызыншы пленарлық отырыстың қорытындыларын талқылады, түркі ынтымақтастығының болашақ перспективалары туралы пікір алмасты және Қазақстанның ТҮРКПА-ға алдағы төрағалық етуіне тоқталды, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдар, мысалы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және басқалары мәртебесін алудың маңыздылығын атап өтті.