Friday, 07 May 2021, 08:54:21 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті

2020 жылғы 5 ақпанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Түркі Кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысу үшін Бакуге сапарының аясында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен кездесті.

Бас хатшы министрді Ассамблеяның ағымдағы және болашақтағы қызметі туралы хабардар етті. Айдарбеков мырза парламентаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және осы тұрғыда ТҮРКПА-ның түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін атап өтті және ұйымның қызметіне қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Тараптар 2019 жылы желтоқсанда Бакуде өткен Тоғызыншы пленарлық сессияның қорытындылары және мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы пікір алмасты және еуразиялық аймақтағы басқа халықаралық ұйымдармен байланысты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.