Friday, 07 May 2021, 08:25:05 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Ұлттық мәжілістің төрағасы Бас хатшыны қабылдады

2019 жылғы 16 желтоқсанда Әзербайжан Республикасы Милли Межлисінің (Парламентінің) төрағасы Октай Асадов мырза Бас хатшы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

Тараптар алдағы 18 желтоқсанда Бакуде өтетін ТҮРКПА-ның алдағы Тоғызыншы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Тоғызыншы пленарлық отырысқа парламенттердің басшылары, парламенттік делегациялар, түркі ынтымақтастық институттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. ТҮРКПА-ға төрағалық ету Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысынан Әзербайжан Республикасының Милли Мажлисіне беріледі.

Күн тәртібінде ТҮРКПА Комиссиясының соңғы отырыстарының баяндамалары мен ұсыныстарды қабылдау, ТҮРКПА-ның Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы Байқаушылар Миссиясының есебі, ТҮРКПА-ның қайта қаралған нормативтік-құқықтық актілері және модельдік заңдар сияқты мәселелер болады.