Thursday, 06 May 2021, 13:57:24 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Қазақстандағы халықаралық конференцияға қатысты

2019 жылғы 27 қарашада ТҮРКПА-ның Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов бастаған делегация Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президенттік институт: қазақстандық модель» атты халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.

Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығгматулин сөз сөйледі. Президенттік институттың ресми түрде енгізілгеніне 30 жыл толатынын атап өтіп, Төраға айтқандай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ауқымды реформалар жүргізіліп, тұрақты экономикалық өсімге, әділетті әлеуметтік саясатқа және қоғамды демократияландыруға қол жеткізді. Нығматулин мырза қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, елдің одан әрі табысты дамуын қамтамасыз етеді деп қосты.

Өз сөзінде Бас хатшы А.Мамаюсупов Елбасының түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты институционализациялау процесіне қосқан үлесін және Қазақстан Парламентінің Ассамблея жұмысына белсенді қатысуын атап өтті.

Конференцияға ТҮРКПА-ға мүше елдердің, сондай-ақ басқа елдердің парламентшілері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараға ТҮРКПА Комиссиясының хатшысы Саида Армина ханым да қатысты.