Thursday, 06 May 2021, 13:22:16 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА ТМД ПАА Пленарлық отырысына қатысты

2019 жылғы 22 қарашада Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов бастаған ТҮРКПА делегациясы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық 50-ші жалпы отырысына қатысты.

Пленарлық отырысқа ТМД ПАА-ға мүше елдердің парламенттік делегациялары, халықаралық ұйымдар мен академиялық топтардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде ТМД ПАА тұрақты комиссиялары дайындаған модельдік заң жобаларының және ТМД-ның 2020-2022 жылдарға арналған модельдік заң шығарудың ұзақ мерзімді жоспарының жобалары таныстырылды.

Сессия соңында ТМД ПАА Кеңесінің мүшелері баспасөз мәслихатын өткізді.

Сессия аясында Бас хатшы ТҮРКПА-ға мүше елдердің парламенттік делегацияларының басшыларымен кездесті.

Кешке бас хатшының орынбасары Фуад Алакбаров қатысты.