Friday, 07 May 2021, 08:16:45 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Балтық теңізі парламенттік конференциясының делегациясымен кездесті

2019 жылғы 20 қарашада Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының (PABSEC) Бас ассамблеясының 54-ші жалпы мәжілісі аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Балтық теңізі парламенттік конференциясының (BSPC) делегациясымен кездесті. Аталмыш делегациясы құрамында - BSPC Бас хатшысы Бодо Бахр мырзамен, және Литва Республикасы Сеймас адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Валериус Симулик мырзамен кездесті.

Тараптар ынтымақтастық келешегі туралы пікір алмасты және өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады.