Friday, 07 May 2021, 08:08:46 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының Пленарлық отырысына қатысты

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов байқаушы ретінде қатысып, 2019 жылғы 20-21 қарашада Болгариядағы София қаласында өткен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының (PABSEC) Бас ассамблеясының 54-ші сессиясында сөз сөйледі.

Бас хатшы өз сөзінде Ассамблеяның қызметі туралы және 2018 жылғы 8-ші пленарлық сессия барысында қабылданған ТҮРКПА Стратегиялық құжатында бекітілген басым бағыттар туралы хабарлады.

Бас хатшы А.Мамюсупов айтқандай, PABSEC ТҮРКПА-ға байқаушы мәртебесін алуға өтініш берді және ол 2019 жылғы 18 желтоқсанда Бакуде өтетін ТҮРКПА-ның алдағы Тоғызыншы пленарлық отырысының күн тәртібіне енгізілді.

Пленарлық отырысқа парламенттік делегациялар, бақылаушы ұйымдар мен елдер, сондай-ақ қонақ институттары қатысты.

Іс-шара аясында Мамаюсупов мырза Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Асаф Гажиевпен және қатысушы делегациялардың мүшелерімен кездесті.