Friday, 07 May 2021, 07:44:57 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Анкарада кездесулер өткізді

2019 жылғы 4-5 қарашада Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Анкарада Түркияның Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам мырзамен, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TİKA) президентінің міндетін атқарушы Серкан Каялар мырзамен, Шетелдегі түркілер мен туыстас қоғамдастықтар президентінің басшысы Абдулла Эрен мырзамен және Юнус Эмре институтының президенті профессор доктор Шереф Атеш мырзамен кездесулерді өткізді.

Осы кездесулер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады және болашақтағы ынтымақтастықтың мүмкін аспектілері туралы әңгімеледі.

Кездесулерге Бас хатшының орынбасары Али Йылдыз қатысты.