Thursday, 06 May 2021, 13:37:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Мүше елдердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру бойынша семинар Ыстамбұлда өтті

2019 жылғы 31 қазанда Ыстамбұл қаласында ТҮРКПА-ға мүше елдердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру жөніндегі төртінші семинар өтті, оған парламент мүшелері, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның басшылары, сонымен қатар мүше парламенттерінің өкілдер және Түркияның Мәдениет және Туризм министрлігі қатысты.

Жиналыстың ашуында ТҮРКПА-ның Құқықтық істер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Ассамблеясының (ТҰҰА) мүшесі Исмет Учма мырза, ТҰҰА мүшесі, бұрынғы Мәдениет және Туризм министрі Наби Авжы мырза, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева, ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссиясының төрағасы Өжал Огуз мырза сөз сөйледі. Сессияны жалғастырып, іс-шараның барысында қатысушыларға материалдық емес мәдени құндылықтарды қорғау бойынша қатысты құзыретті органдармен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Қатысушылар Түрік және Әзербайжан парламенттері ұсынған Түркі әлемінің материалдық емес мәдени мұрасын қорғау және Туризм туралы модельдік заң жобалары бойынша пікір алмасты.