Friday, 07 May 2021, 08:35:20 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы «Түркі әлемінің әйелдері: өткенден бүгінге дейін» конференциясына қатысты

2019 жылғы 11 қазанда Әзірбайжан Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне арналған «Түркі әлемі апталығы» аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және Әзербайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп ұйымдастырған «Түркі әлемінің әйелдері: өткенден бүгінге дейін» конференциясында сөз сөйледі.

Бас хатшы өз сөзінде түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттауда Қор жүргізіп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Ассамблеяның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде бұл мәселені айта келе, Мамаюсупов мырза осы бағытта атқарылған іс-шаралар және алдағы уақытта ТҮРКПА қамқорлығындағы әйелдер-парламентшілер платформасының құрылуы туралы хабарлады.

Конференцияға түркі ынтымақтастық институттары мен академиялық қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Қатысушылар түркі әйелдерінің тарихтағы рөлі, олардың қоғамдық өмірге қатысуы және мәдени мұраға ықпалы туралы пікір алмасты.