Friday, 07 May 2021, 08:09:26 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде Түркі кеңесінің жетінші саммиті өтті

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өткен «Шағын және орта бизнесті жетілдіру» тақырыбындағы өткен Түркі Кеңесінің жетінші саммитіне қатысты. Саммитті барысында Ж.М. Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті, Ж.М. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Ж.М. Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті, Ж.М. Реджеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті, Ж.М. Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті, Ж.М. Пурли Агамырадов, Түркіменстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Ж.М. Виктор Орбан, Венгрияның премьер-министрі, бақылаушы және түркі ынтымақтастық институттарының жетекшісі ретінде қатысты.

Саммит Түркі кеңесін құру туралы Нахчыван келісімінің 10 жылдығымен және Өзбекстанның Ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қосылуы, Будапешт қаласындағы Түркі Кеңесінің Еуропалық кеңсесі ашылуы, оның қызметі туралы қосымша құжаттарға қол қою сияқты маңызды шешімдермен өз маңыздылығын көрсетті. Ж.М. Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы атағы берілді.

Мемлекет басшыларына Түркі Кеңесінің өткен алтыншы саммиттен бергі уақытта атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріліп, қатынастарды одан әрі дамыту және түркітілдес елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту туралы пікірлер айтылды.

Саммит Түркі кеңесінің жетінші саммитінің Баку декларациясына мемлекет басшыларының қол қоюымен аяқталды.