Wednesday, 16 October 2019, 19:08:30 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы Сакаридегі түркі әлемі инженерлері, сәулет және қала құрылысы форумына қатысты

2019 жылғы 17-20 маусымда ТҮРКПА делегациясы Сакариде өткен түркі әлемі инженерлері, сәулет және қала құрылысы форумына қатысты. Форум Түркі әлемінің Сәулетшілер мен инженерлер одағы (ТӘСИО), Сакарья митрополиті мэриясы және Сакария университеті бірлеске күшімен ұйымдастырылған.

Түркияның Қоршаған орта және урбанизация министрінің орынбасары және ТӘСИО Вице-Министрі Мукахит Демирташ, Сакария митрополиті мэрінің басшысы Әкрем Юце, Сакария университетінің ректоры, профессор Фатих Савашан, Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашев, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, университеттердің, академиктердің өкілдері қатысты.

Ашылу рәсіміне «Түркі әлеміндегі жалпы қалалық мәдениетті дамыту» және «Түркі әлеміндегі бірлескен инженерлік-сәулет өнері» атты панельдік сессиялар өтті. Бас хатшының орынбасары Али Йылдыз өз сөзінде ТҮРКПА қызметі туралы хабардар етті және ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын атап өтті.

ТҮРКПА-ның ТӘСИО-мен арасындағы ынтымақтастық 2015 жылғы Баку қаласында қабылданғын меморандум аясында жүзеге асырылады.