Wednesday, 16 October 2019, 22:10:54 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы Анкарада өтті

2019 жылғы 16 мамырда Анкара қаласында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қолдауымен ТҮРКПА-ның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша комиссиясының жетінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселе ««БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша орнықты даму мақсаттары. ТҮРКПА-ға мүше елдердегі заманауи отбасылардың мәдени ерекшеліктері (заңнамадағы перспективалар)».

Мүше елдердің парламентшілері мен сарапшыларын, Анкарада тіркелген мүше елдердің дипломатиялық корпусының өкілдерін және басқа да қонақтарды жинақтаған кездесуді Комиссия төрағасының орынбасары және Милли Меджлисінің (Әзірбайжан Республикасының Парламенті) мүшесі Севиндж Гусейнова ханым басқарды.

Қатысушылар отбасын заманауи қоғамдағы негізгі әлеуметтік маңызын ескере отырып, отбасылық экономиканы нығайту және қоғамның оң мәдени идентификациясын сақтау маңыздылығын атап өтті. Гендерлік теңдіктің маңыздылығын әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторы ретінде атап, БҰҰ-ның гендерлік мәселелер бойынша орнықты даму мақсаттарына қатысты түркітілдес елдердегі отбасылық құндылықтар мен мәдени сәйкестіктерге тоқталып, ұлттық заңнамалардағы болашақ мәселелерін, сондай-ақ ұлттық саясатты отбасы өмірін жақсартуға бағытталған мүше елдер арасындағы ынтымақтастық, ақпарат алмасу және бірлескен іс-қимылдар туралы пікір алмасты.

Комиссия бұл мәселе бойынша баяндаманы және ұсыныстарды 2019 жылғы Әзербайжанда өтетін ТҮРКПА-ның тоғызыншы пленарлық сессиясында өткізу үшін мақұлдады.

Кездесу соңында отбасылық фотосурет алынды.