Sunday, 25 August 2019, 10:59:48 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы ТҮРКПА Хатшылығына келіп кетті

Түркі кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев бастаған делегациясы ТҮРКПА хатшылығына барып, Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырзамен кездесті. Аталмыш делегациясы құрамында: Бас хатшының орынбасары Гисмат Гозалов және жобаның жетекшісі Фаррух Жұмаев мырзалар болды.

Тараптар бір-біріне байланысты ұйымдардың қазіргі және келешектегі қызметі туралы хабардар етті және өзара әрекеттестікті одан әрі дамыту және түркітілдес ынтымақтастық институттары арасындағы үйлестіруді нығайту туралы пікір алмасты.

Екі хатшы түркітілдес ынтымақтастықтың парламенттік өлшемінің маңыздылығын және тиісті институттардың жұмысына заңнамалық қолдау көрсету бойынша күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

Сапар барысында қонақтар өткен жылы ашылған және жарияланымдар, достық пен бауырластықты көрсететін мүше елдердің альбомдары, сондай-ақ ұлттық рәміздері бар кәдесыйлардан тұратын Хатшылықтың кітапханасымен танысты. Сапар соңында отбасылық фотосурет түсірілді.