Wednesday, 16 October 2019, 21:00:08 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламентаралық Одағының (PUIC) конференциясына қатысты

2019 жылғы 13-14 наурызда ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен бастаған делегация Рабат қаласында (Марокко) өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламентаралық Одағының (PUIC) 14-ші сессиясына байқаушы ретінде қатысты.

Конференцияға ТҮРКПА-ға мүше елдерден делегациялар қатысты. Түркия Республикасындағы делегацияны Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасы (ТҰҰМ) және ТҮРКПАдағы іс басқаратын Төрағасы Мұстафа Шентоп мырза басқарды.

Конференция шеңберінде Бас хатшы Мұстафа Шентоп мырзамен, сондай-ақ, Марокко Парламентінің Сыртқы істер, Ұлттық қорғаныс және ислам мәселелері мен МШТ (Марокконың шетелде тұратын азаматтары) Комитетінің Төрағасы Юссеф Гарби мырзамен, сонымен қатар, Белоруссия мен Ресей одағының Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Стрельченко мырзамен, ТҮРКПА-ға мүше елдер делегацияларының мүшелері және басқа да ресми тұлғалармен кездесті.