Friday, 07 May 2021, 07:29:58 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қырғыз Сыртқы істер министрімен кездест

2019 жылғы 4 ақпанда Бішкекке жұмыс сапары аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен қабылданды.

Ч.Айдарбеков ТҮРКПА-ның парламенттік дипломатия арқылы мүше елдер арасындағы қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Түркітілдес ынтымақтастық институттарының тығыз ынтымақтастығы қажеттілігін атап өтіп, Айдарбеков мырза, Министрлік Түркі кеңесінде Қырғыз Республикасының төрағалығы кезінде Ассамблеясының қызметіне толық қолдау көрсететінін атап өтті.

Өз кезегінде, ТҮРКПА қызметіне қолдау көрсеткендігі үшін алғысын білдіре келе, Мамаюсупов мыраз министрге ұйымның болашақ қызметі туралы хабардар етті. Бас хатшы ТҮРКПА аймақтағы басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Парламенттік Ассамблея аясындағы ынтымақтастықты, 2018 жылы бойы ТҮРКПА-дағы Қырғыз Республикасы Парламентінің Төрағасы қызметіндегі жүзеге асырылған іс-шараларды, басқа институттармен ынтымақтастықты талқылады және түркітілдес ынтымақтастықтың басқа да өзекті мәселелеріне байланысты пікір алмасты.

Кездесу барысында ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз мырза да қатысты.