Friday, 07 May 2021, 08:49:15 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Төрағасымен және басқа да лауазымды тұлғалармен кездесті

2018 жылғы 19 желтоқсанда Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Бинали Йылдырым Анкараға жасаған сапары барысында Бас хатшыны қабылдады.

Тараптар ТҮРКПА-ның ТҰҰМ төрағалығы аясында жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылады, сондай-ақ ұйымның мақсаттары мен міндеттері туралы пікір алмасты.

Бұдан басқа, Бас хатшы Анкараға сапар аясында ТҰҰМ Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Волкан Бозкырмен, ТҰҰМ Бас хатшысы Мехмет Али Күмбөзоғлумен және Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыранмен кездесті.