Thursday, 06 May 2021, 14:42:14 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА делегациясы көші-қон жөніндегі жаһандық келісім бойынша парламенттік жиналысқа қатысты

2018 жылғы 6-7 желтоқсанда ТҮРКПА делегациясы Мароккодағы Рабат қаласында өткен қауіпсіз, ұдайы және жүйелі көші-қон бойынша жаһандық келісімнің қабылдануына байланысты Парламенттік жиналысқа қатысты.

Парламентаралық кездесуді Парламентаралық одақ және Марокко Корольдігінің Парламенті бірлесіп ұйымдастырды. Ашылу рәсімінде Өкілдер палатасының Төрағасы Хабиб Ел Малки, Кеңесшілер Үйінің Төрағасы Хаким Бенхамах мырзалар және ПАО Президенті Габриела Куэвас ханым сөз сөйледі. Содан кейін кездесу көші-қонмен байланысты түрлі тақырыптар бойынша түрлі сессиялар мен панельдермен жалғасты.

Іс-шара парламентшілерге Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясымен қабылданған қарарға сәйкес 2018 жылғы 10-11 желтоқсанда Марракеш қаласында қабылдануға жоспарланған Қауіпсіз, ұдайы және жүйелі көші-қон бойынша Жаһандық келісім туралы білуге мүмкіндік берді. Оның БҰҰ 72-ші сессиясының соңында және осы құжатта қамтылған міндеттемелерді жүзеге асыру үшін парламенттерге нақты әрекеттер мен құралдар туралы ақпарат берілді. Кездесу сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың көші-қон бойынша жаһандық Келісімді іске асыру жөніндегі күш-жігеріне де үлес қосты.

ТҮРКПА делегациясы Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі, ТҮРКПА Комиссиясының Әлеуметтік, Мәдени және Гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшесі Мұстафа Джанбеймен, ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Наурыз Айдаровпен және Е. Хасанов, ТҮРКПА қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының хатшысы аталмыш парламенттік жиналысына қатысты.

Мұстафа Джанбей мырза жаһандық және аймақтық сын-қатерлер мен олардың іске асыру жөніндегі сөз сөйледі. Өз сөзінде Мұстафа Джанбей ТҮРКПА туралы қысқаша ақпарат берді және қатысушыларға ТҮРКПА-ның көші-қон мәселелеріне қатысуы және аймақтық ынтымақтастық ұйымдарының маңыздылығы туралы хабардар етті. Ол дағдарыстың және көші-қонның кесірінен туындаған қайғылы жағдайларды болдырмау үшін трансшекаралық серіктестік пен өңірлік ынтымақтастық тетіктерін күшейту қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты аймақтық институттар халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосуға мүмкін шықты.

Speech by Mr. Mustafa Canbey (1)

Speech by Mr. Mustafa Canbey (2)

ПАО-дағы Парламенттік жиналыс барысында ТҮРКПА делегациясы Қазақстан мен Түркия делегацияларымен және ТМД ПАА делегациясымен бейресми кездесулерін өткізді.

Парламентаралық кездесу аяқталғаннан кейін бүкіл әлемнің парламентшілері жаһандық қауіпсіздікті, жүйелі және тұрақты көші-қон бойынша Жаһандық шартты іске асыруға көмектесу үшін өз күштерін толығымен пайдалануға міндеттенген қорытынды құжатты қабылдады.