Friday, 07 May 2021, 08:57:15 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қырғыз парламентінің 80 жылдығына орай конференциясы өтті

2018 жылғы 21 желтоқсанда Бішкекте Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Тақырыбы - « Жогорку Кенештің 80 жыл : заңнаманы талдау және келешегі».

Конференцияның ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жеэнбеков, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің Төрағасы Дастанбек Жұмабеков және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Мамаюсупов мырза Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының іс басындағы Төрағасы мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Төрағасы Бинали Йылдырымның сөзін жолдады. ТҰҰМ спикері өз Жолдауында 1991 жылдан бері Түркия тарапы Қырғызстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін және 27 жыл ішінде екі жақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, соның ішінде парламенттер арасындағы өзара іс-қимылдың арта түскенін атап өтті. Түрік Парламентінің төрағасы сондай-ақ, Жогорку Кенештің ұлттық және халықаралық деңгейлердегі маңызды рөлін жоғары бағалап, заң шығарушы орган - конституциялық басқару формасының негізі екенін атап өтті.

Конференция қарар қабылдауымен аяқталды, онда Жогорку Кенештің заң шығару қызметін одан әрі дамыту, азаматтардың парламенттегі жұмысының рөлін арттыру және басқа елдердің озық тәжірибелерін зерделеу қажеттігі атап өтілді.