Sunday, 15 September 2019, 17:54:51 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Анталияда Спикерлердің Еуразиялық Кездесуі өтті

2018 жылы 8-9 қазанда Анталияда Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы (ГНАТ) ұйымдастырған Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы"Экономикалық ынтымақтастық, Қоршаған орта және Еуразиядағы тұрақты даму".

Өзінің кіріспе сөзінде Түркия парламентінің спикері Бинали Йылдырым Еуразиялық парламенттердің қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі, соғыс, кедейлік, терроризм, табиғи апаттар және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты жаһандық мәселелерді шешудегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ терроризммен күресу үшін ұжымдық күш салуға және өңірдегі қақтығыстарды реттеу мақсатында ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.

Кездесу – қатысушы елдердің делегация басшыларының сөз сөйлеуімен жалғасты.

Отырысқа қатысушылар қорытынды ақпараттын (консениумды) қабылдады. Құжатқа сәйкес, Еуразиялық елдер парламент спикерлерінің келесі кездесуі Қазақстанда 2019 жылы өтеді.

Отырысқа Әзірбайжан ТҮРКПА-ның мүше-парламенттерінің басшылары Огтай Асадов, Қазақстан Нұрлан Нығматулин және Қырғызстан парламенттерінің басшылары Дастанбек Жұмабеков мырза, сондай-ақ ТҮРКПА -ның Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов қатысты. Айта кету керек, ТҮРКПА 2018 жылы өзінің 10 жылдығын тойлайды.