Sunday, 15 September 2019, 18:15:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бішкекте ЕҚЫҰ ПА күзгі отырысы өтті

Oған 300 делегат, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның 160 парламентшілері, сондай-ақ Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ дала операцияларының басшылары және ЕҚЫҰ Жерорта теңізі серіктестерімен ынтымақтастық жөніндегі төрағалығының өкілі қатысты.

Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш (парламенті) ұйымдастырған кездесу барысында талқыланған тақырыптар: көші-қон, сауда, терроризм, шекараның қауіпсіздігі және қоршаған орта сияқты жаһандық сын-қатерлер.

Ашылу салтанатында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков мырза, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің төрағасы және ТҮРКПА -ның қазіргі төрағасы Дастан Жұмабеков мырза және ЕҚЫҰ ПА төрағасы Георгий Церетели мырза сөз сөйледі.

Іс-шара аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсов ЕҚЫҰ ПА Президенті Георгий Церетелимен, ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелламен және ТҮРКПА -ға мүше елдердің ЕҚЫҰ ПА делегацияларының мүшелерімен кездесті.