Sunday, 15 September 2019, 17:55:27 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қалдықтарды басқару және генетикалық түрлендірілген ағзалар туралы семинар (ГМО) өткізілді

2018 жылғы 16-18 сәуірде Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ГНАТ) қолдауымен Стамбулда ТүркПА ұйымдастырған қалдықтарды басқару және генетикалық түрлендірілген ағзалар (ГМО) бойынша заңнама және оны жүзеге асыру бойынша семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты - ТҮРКПА мүше елдердің қалдықтарды басқару және ГМО туралы хабардар ету және тиісті салалардағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ 2015-2030 жылдарға арналған БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жетуге үлес қосу.

Семинарға ТүркПА-ға мүше елдердің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ Түркия Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрліктер, Түркияның қоршаған орта және урбанизация министрлігі, Стамбул су және канализация әкімшілігі (İSKİ) және IBB Стамбул экологиялық басқару компаниясы (İSTAÇ).

Семинардың ресми ашылуында ТҮРКПА қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссия төрағасы, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің денсаулық комитетінің төрағасы Ахлиман Амирасланов, ТҮРКПА қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі Фейзулла Кийиклик, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің мүшесі Ирина Карамушкина және ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов сөз сөйледі.

Семинар Ахлиман Әмірасланов пен Фейзулла Кийиклик мырзаларының жетекшілігімен және ГМО мен қалдықтарды басқару бойынша заңнамаға және іске асыруға арналған екі мәжілістен тұрды. Сессиялар барысында мүше елдердің сарапшылары мен Түркияның тиісті министрліктері мен ведомстволарының өкілдері таныстыру рәсімдерін жасады және ТҮРКПА-ға мүше елдерде ГМО мен қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайы туралы пікірталастар өткізді. Сарапшылар осы салаларда заңнама, институционалдық база және халықаралық ынтымақтастық аспектілері туралы ақпарат берді.

Қатысушылар 2018 жылдың қыркүйек айында Бішкекте өтетін ТҮРКПА қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының 4-ші отырысына ұсынылатын әрбір сессия бойынша қорытынды есептерді қабылдады. Қорытынды есептерде түркітілдес мемлекеттер осы мәселелерге үлкен мән беріп, ТҮРКПА-ға мүше елдердің қатысуымен, ауқымдық құралдар жөніндегі зерттемелер туралы талқылауына бастамашылық етудің қажеттілігіне ерекше көңіл бөлу туралы айтылған сондай-ақ ГМО мен қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі бағыттары бойынша бірлескен әрекеттер және ТҮРКПА қамқоршылығымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша талқылауларға арналған көптеген іс-шараларды ұйымдастыру туралы.

2018 жылғы 17-ші сәуірде бағдарламаның практикалық бөлігі ретінде қатысушылар Стамбул су және канализация әкімшілігіне (ISKI), ақпа су тазарту құрылыса заутына, биологиялық тазарту құрылыстарының Atakoy қайта өндеу заутына және Стамбулдағы IBB қршаған ортаны бақару жөніндегі команиясына барып қайтты. Осы сапарлар барысында қатысушыларға қалдықтарды түпкілікті жоюға (алдын алу, қайта пайдалану, қалпына келтіру, кәдеге жарату және жою) арналған стратегиялар, мақсаттар, іс-әрекеттер, мониторинг және бақылау үдерістеріне қатысты заңдар мен тұрақтылық қағидаттарына қатысты қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.