Sunday, 15 September 2019, 18:38:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының 47-ші пленарлық отырысы өтті

2018 жылғы 13 сәуірде Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 47-ші Пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыстың басты тақырыбы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында мәдениет жылына арналған «Достастық елдерінің мәдениетаралық диалогы: мәртебесі, келешегі және құқықтық қолдау» болды.

Пленарлық мәжілісіне ТМД ПАА-ға мүше елдердің парламенттік делегациялары, сондай-ақ әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібі барысында ТМД ПАА-ның тұрақты комиссиялары дайындаған үлгі заңдары қамтылды.

ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко ханымның құттықтау сөзінен кейін Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко, Түрікменстанның Меджлис спикері Гүлшат Мамедова, Ауғанстан Ислам Республикасының Ұлттық Ассамблеясы Волеси Джирга спикері Абдул Рауф Ибрагими, Балтық теңізі Парламенттік Конференциясының Президенті Йорген Петерссон мырза, ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла және Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының Президенті Франческо Мария Аморусо құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылар тұрақты комиссиялар мен сарапшылар дайындаған үлгі құжаттарының жобаларын талқылады.

Сессияда ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Наурыз Айдаров қатысты. Кездесу барысында Айдаров мырза парламенттік делегация мүшелерімен және басқа да тұлғалармен кездесіп, өзара мүдделі мәселелерді талқылады.

Сессия соңында ТМД ПАА Кеңесінің мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, сессияның қорытындысын шығарды.