Sunday, 15 September 2019, 18:13:30 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркі Мәдениет және мұра қорының президентімен кездесті

2018 жылғы 18 мамырда ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Түркі мәдениеті мен мұра қорының президенті Гюнай Әфендиевамен кездесті.

Ұйымның ағымдағы және келешектегі қызметіне тоқталып Г.Әфендиева ханым түркі әлемінің бірегей мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берді.

2018-ші жылдың түркі әлемі үшін маңызды оқиғаларға бай екенін ескере отырып, Қордың басшысы түркі халықтарының ұлы қоғам қайраткерлерінің естеліктеріне арналған іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Осыған орай ол 2018 жылғы 15 мамырда ТҮРКПА Хатшылығында өткен түркі

әлемінің ұлы жазушысы және ойшылының Шынғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Мамаюсупов мырза мұндай іс-шараларды болашақта екі ағайындылық ұйыммен бірлесіп өткізу түркі әлеміне өз үлесін қосатынына сенімін білдірді. Ағымдағы жылы ТүркПА жоспарлаған жобалар туралы сөз сөйлеп, Ассамблеяның 10 жылдығына байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы баяндады.

Кездесу барысында тараптар 2018 жылдың қыркүйек айында Бішкекте өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 6-шы Саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты, бұл түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай жан-жақты дамытуға серпін береді.

Кездесу соңында тараптар ұйымдардың қазіргі жағдайы мен даму болашағын, сондай-ақ бірлесе жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.