Sunday, 15 September 2019, 18:41:00 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА және Түркі Кеңесі президенттік сайлауының байқауы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді

ТҮРКПА және Түркі Кеңесі халықаралық сайлауды бақылау миссиялары2018 жылғы 12 сәуірде Әзірбайжанда мерзімінен бұрын өткен Президенттік сайлауының байқаудың қорытындылары бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

ТҮРКПА миссиясының басшысы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Халук Ипек мырза, ТҮРКПА Бас Хатшысы Алтынбек Мамюсупов, Түрік Кеңесі миссияның басшысы және Түркі Кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Өмір Кочаман, Түркия Елшісі Метин Кылыч, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі Назия Тельмухамедова екі ұйымның сайлау күніне дейінгі және сайлау уақытындағы бақылау жұмысын қамтып көрсететін бірлескен мәлемдеме жасады.

Түркі кеңесінің миссиясының басшысы, доктор Өмір Кочаман бұқаралық баспасөз өкілдеріне ТҮРКПА және Түркі кеңесі миссияларының сайлаудың бақылау барысындағы бірігіп күш салысқанын көрсететін алғашқы рет бірлескен баяндама дайындағаны туралы хабарлады.

ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Түркі Кеңесімен бірлесе отырып, түркітілдес ынтымақтастық платформасында алғашқы бірлескен әдіснаманы және сайлауды байқау стандарттарын әзірлеуге жол ашатын алғашқы бірлескен байқау өткізді. Мамаюсупов мырза тиісті мемлекеттік органдарына бақылау миссияларының қызметіне жасалған барлық жағдайлар үшін алғыс білдірді.

ТүркПА бақылаушылар миссиясының басшысы Халук Ипек ТҮРКПА-ның 11 сәуірде жасаған мәлімдемесінің қорытындыларын растады және сайлауды байқау жөніндегі Түркі Кеңесімен бірлескен қызмет үдерісіне ризашылығын білдірді және түркітілдес ынтымақтастықтың халықаралық көрерлік шеңберіндегі маңыздылығын көрсетті.

Екі миссия да Азірбайжан Республикасындағы 2018 жылы 11 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлаудың Әзірбайжанның ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өткізілгені туралы қорытынды жасады.

Joint Statement