Friday, 07 May 2021, 07:29:03 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА бақылаушылары Әзірбайжандағы президенттік сайлау туралы өз мәлімдемесін ұсынды

ТҮРКПА халықаралық байқау миссиясы Әзірбайжанда мерзімінен бұрын өткен Президенттің сайлауына мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Түркияның Ұлы Ұлттық Ассамблеясының мүшесі және миссиясының басшысы Халук Ипек мырза баспасөз өкілдеріне ТҮРКПА бақылаушыларының тек Баку қаласындағы ғана емес, Әзірбайжанның үшінші ірі қаласы Сумгаитке және Абшерон сайлау округінде орналасқан Хирдаланға барғаны туралы хабарлады.

Миссияның мүмкіндіктері: дауыс беруді бақылау, сайлау учаскелерінің өкілдерімен және сайлаушылармен сөйлесу, сондай-ақ Сумгаит пен Хирдалан қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен кездесулер өткізу. Байқаушыларға сайлау алдындағы дайындық шаралары туралы толық ақпарат берілді.

Ипек мырза, Миссия сайлау әкімшілігінде маңызды бұзушылықтарды байқамағаны, сонымен қатар кейбір органдар сайлауды өткізуге жақсы ресурстармен кәсіби түрде дайындалғаны туралы атап өтті.

Миссия Әзірбайжан Республикасында 2018 жылы 11 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлауы Әзірбайжанның ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өткізілгені туралы қорытынды жасады.

Statement