Thursday, 06 May 2021, 13:31:31 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Парламентаралық одақтың 138-ші Ассамблеясы өтті

2018 жылғы 24-28 наурыз аралығында Швейцариядағы Женева қаласында Парламентаралық одақтың (ПАО) 138-ші Ассамблеясы және оған қатысты кездесулер өтті.

Ассамблеяның күн тәртібінде көші-қон мәселелер бойынша жаһандық ықпалды парламенттік үлесті нығайту, тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралы ретінде бейбітшілікті қолдау, әйелдердің саясатта жеткіліксіздігін қамтамасыз ету, жаңартылатын энергияны дамыту мақсатында жеке секторды тарту және тұрақты қоғамдарды құру сияқты негізгі мәселелер қамтылды. Отырысқа 100-ден астам елден келген парламентшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ПАО-ның заңнамалық органдарымен ұйымдастырылған кездесулер талқыланатын мәселелер бойынша есептер мен декларацияларды қабылдауымен аяқталды. ПАО-ның заңнамалық органдарылардың ішінде - Басқарушы кеңесі, Тұрақты комитеттері, Парламентарийлердің адам құқықтары жөніндегі комитеттері және Таяу Шығыс мәселелері бойынша Комитеті, сондай-ақ әйелдер парламентарийлерінің форумы мен жас парламентарийлердің форумы.

ТҮРКПА-ның Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз ПАО-ның 138-ші Ассамблеясында Парламенттердің Бас хатшыларының Ассамблеясының (ASGP) кездесулеріне ТҮРКПА атынан қатысты. Йылдыз мырза ТҮРКПА-ның құрылуы, құрылымы мен қызметі туралы ақпарат берді және ТҮРКПА-ға мүше парламенттердің инновациялық қызметтегі тәжірибесі және осы процеске қоғамды тарту туралы қысқаша ақпарат берді.