Анкарада Халықаралық Түркі тіл(дерінің) күнін өткізу туралы консультациялық кездесу өтті
Халықаралық Түркі тіл(дері) күнін өткізу туралы ұсыныс бойынша 2018 жылғы 9 наурызда Анкарада ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия ұлттық комиссияның кеңсесінде консультациялық кездесу өтті. Аталмыш кездесуге түркітілдес ынтымақтастық институттар, ЮНЕСКО-ның Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан ұлттық комиссиялар, дипломаттар мен Түркияның сарапшылар қатысты. ТҮРКПА атынан мәдениет, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның хатшысы Саида Армина қатысы.
Қатысушылар Түркі тіл(дерінің) халықаралық күнін атап өту туралы өз ойларын ортаға салды және ЮНЕСКО-ның түрлі тілдердегі халықаралық күндерді атап өту тәжірибесін ескере отырып, әртүрлі ұсыныстар жасады.
Тараптар Түркі тіл(дерінің) мерзімін анықтау, сондай-ақ оның терминологиясы мен негіздеу мәселелерін талқылады. Түркітілдес мемлекеттердің барлық мүше мемлекеттері, ең алдымен, осы мәселе бойынша өздерінің ресми ұсыныстарын жібереді деп шешілді.
Кездесу барысында қатысушылар Түрік әлемінің 2018 жылғы мәдени астанасы - Қастамону қаласына барып, Қастамону губернаторы Ясар Карадэниз және Қастамону қаласының әкімі Тахсин Бабашпен кездесті.