Бас хатшы Түркия Парламентінде кездесулер өткізді
2018 жылғы 20 ақпанда ТҮРКПА-ның Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Анкараға жасаған сапары барысында Түрік Республикасы Парламент депутаты, Заңнамалық және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның Төрағасы Халук Ипек мырзамен кесдесті, сондай-ақ Түрік Республикасы Парламент депутаты, Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының Төрағасы Себахаттин Каракелламен және Түркия-Қырғызстан парламентаралық достық тобының Төрағасы, депутат Метин Гүнлоддюмен кездесулерді өткізді.
Бас хатшы Мамюсупов парламентшілерге 2018 жылға Хатшылықтың қызмет жоспары және ТҮРКПА-ның 10 жылдығына арналған іс-шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол парламентшілерге мүше елдер арасындағы ынтымақтастық пен интеграцияға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Тараптар сондай-ақ өңірлік және түркітілдес елдердің ынтымақтастығы туралы пікір алмасты.
Кездесулер барысында ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз мырза да қатысты.