Tuesday, 11 August 2020, 19:38:35 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының бесінші жиналысы

ТүркПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының кезекті бесінші жиналысы 2016 жылдың 24 мамырында Астана қаласында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен өтті.

Жиынға осы комиссияның төрағасы, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің депутаты Садық Шер-Нияз төрағалық етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі жазушы Сауытбек Абдрахманов кәделі қонақтарға арнап қошемет сөзін сөйледі.

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Мұстафа Һүснү Бозқұрт жиынның бас тақырыбы бойынша – «Апат және дағдарысқа күрес жағдайында ТүркПА елдерінің ынтымақтастығы» атты баяндама жасады.

Аталған мәселе бойынша Әзербайжан Милли Мәжлисінің депутаты Севинж Гусейнова, қазақстандық парламентарийлер Нұрлан Оразалин, Жеңіс Нұрғалиев, Серік Сейдуманов және Мұхтар Ерман өзара пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер арнайы таныстырылым жасады.

Комиссияның келесі жиыны 2017 жылы Қырғыз Республикасында өтеді.