Wednesday, 21 August 2019, 14:14:15 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Миссия туралы

2010 жылдан бастап ТҮРКПА миссиялары президенттік, парламенттік сайлауларға және оның мүше елдерінде - Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядағы референдумдарды бақылайды.

Миссия құрамына ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің мүшелері, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері кіреді.

ТҮРКПА бақылаушыларының миссиясы Орталық сайлау комиссиясының жоғары лауазымды тұлғалары мен мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізеді. ТҮРКПА миссиясы дауыс беру үрдісін барлық кезеңдерде бақылайды - сайлау учаскелеріне барады, дайындық процесін бағалайды, сайлаушылармен және сайлау учаскелерінің өкілдерімен әңгімелеседі, саяси және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.

Байқаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бекітілген 2005 жылғы Халықаралық байқаушылардың мінез-құлық Кодексінде, Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясының ұсынымдары және басқа да халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген әділеттілік, әділдік, ашықтық және бейтараптық принциптеріне бағынады.

Байқау миссиялары сайлау мен референдум қорытындылары бойынша баспасөз конференцияларын өткізеді.