Saturday, 01 April 2023, 03:22:46 — Baku (UTC+4)
Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы

Бесінші пленарлық отырыс - Баку декларациясы (2014)

2014 жылғы 12-13 маусымда Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжлисі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңеші және Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегацияларының қатысуымен Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының бесінші пленарлық отырысы өтті.

Бесінші пленарлық отырысқа қатысушылар төмендегі жайлы мәлімдейді

Парламенттік ассамблея 2014 ж. маусымда Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне (ТМЫК) мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитінде қабылданған декларацияға толық қолдау білдіреді.

Парламенттік ассамблея егемендік, аумақтық тұтастық және шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптеріне өзінің құрметін тағы да қуаттайды;

Парламенттік ассамблея терроризмнің кез-келген түрін қатаң айыптайды және мүше елдер арасындағы терроризмге қарсы күрестегі әрекеттестіктің маңыздылығын атап көрсетеді, сонымен қатар барлық түр мен пішіндегі терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, ұлтаралық қылмыстық әрекеттерге, кибер қылмысқа, есірткі, заңсыз қару-жарақ және адамдар мен мигранттардың тасымалына қарсы күресте мүше елдер арасындағы ынтымақтастық пен үйлесімді әріптестікті нығайтуға деген бейілділікті растайды;

Парламенттік ассамблея Ирактың Мосул қаласындағы бауырлас Түркияның дипломатиялық миссиясы мен азаматтарына қарсы жасалған шабуылды қатты сөгіп, Түркияның консулдық қызметкерлері азаматтарын дереу босатуды талап етеді;

Парламенттік ассамблея армян-әзербайжан Таудағы Қарабақ жанжалын Әзірбайжан Республикасының егемендігі, аумақтық тұтастығы және шекараларының мызғымастығы негізінде саяси жолмен реттеудің маңыздылығын білдіреді және де осы жанжалдың шешілуінің аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етіп, толыққанды аймақтық ынтымақтастық үшін жағдай жасайтынына кәміл сенеді;

Парламенттік ассамблея мүше елдер арасындағы парламентаралық әрекеттестіктің нығаюына үлес қосқан бірқатар іс-шаралар ұйымдастырған ТүркПА-ның Түркия төрағалығына шын жүректі ризашылығын білдіреді;

Парламенттік ассамблея әзербайжан халқының дәстүрлі қонақжайлылығына және де Милли Мәжлистің бесінші пленарлық отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін терең ризашылығын білдіреді;

Парламентік ассамблея өзінің алтыншы пленарлық отырысын 2015 жылғы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады.