A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

БҰҰ Өркениеттер альянсының жаһандық форумы - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 21:18:51 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

БҰҰ Өркениеттер альянсының жаһандық форумы

04.05.2016 15:30
Бас хатшы Жандос Асанов 2016 жылдың 26 сәуірінде Әзербайжан астанасында ашылған «Инклюзивті қоғамдағы ортақ өмір: сындар мен мақсаттары» атты тақырып аясында өткен VII БҰҰ Өркениеттер альянсының жаһандық форумының жұмысына қатысты.


Форумның ашылу салтанатына Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев қатысып, өз сөзінде елдегі көпмәдениеттілік дәстүрі жөнінде айтып өтті. Президент «Бұл біздің байлығымыз, біз өз тарихымызды мақтан тұтамыз. Көптеген ғасырлар бойы, Әзербайжанда әртүрлі дін және мәдениет өкілдері өмір сүрді», деп айтып өтті.

Сонымен қатар, форумның ашылу салтанатында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның видео жолдауы көрсетілді және Біріккен Ұлттар Ұйымының Өркениеттер Альянсының Жоғарғы өкілі Насер Әбдел Әзи әл-Насер, Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған және Испанияның Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсиа сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум жұмысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен қазақстандық делегация қатысты.

Іс-шараға мемлекет және үкімет басшылары, жоғары лауазымды тұлғаларды, парламентарийлер, саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер, жетекші халықаралық ұйымдар мен сарапшылық орталықтардың өкілдерін қоса алғанда 3000-нан астам делегаттар қатысты.
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар