A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА: Қазақстан Сенатына сайлау әділ болды - Turk-PA.org
Sunday, 18 August 2019, 23:03:01 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА: Қазақстан Сенатына сайлау әділ болды

29.06.2017 09:36
ТүркПА халықаралық сайлау бақылаушылар миссиясы Астанада болып, өз тарихында алғаш рет 2017 жылдың 28 маусымында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына (жоғарғы палата) тікелей емес сайлауды бақылады.


ТүркПА бақылаушылар миссиясының құрамына Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты Сәдакәт Вәлиева, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің депутаты Торобай Зулпуқаров, Түркия Республикасы Ұлы ұлттық ассамблеясының депутаты Мұстафа Исен енді. ТүркПА хатшылығы қызметкерлері депутаттарға көмектесті.

Астанада болған кезінде ТүркПА бақылаушылары Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевпен, Қазақстан парламентінің, сыртқы істер министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің жоғары лауазымды өкілдерімен, ТМД ПАА, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымынан және басқа да халықаралық құрылымдардан келген бақылау миссиялары өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті.

Маусымның 29-ында өткен пресс-конференцияда ТүркПА бақылаушылар тобы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына өткен тікелей емес сайлау ұлттық заңнама мен халықаралық сайлау стандарттарына толығымен сәйкес өткені туралы мәлімдеді.