A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

«Инновациялық экономикаға заңнамалық қолдау» атты халықаралық парламенттік конференция Астанада өтті - Turk-PA.org
Wednesday, 23 October 2019, 20:57:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

«Инновациялық экономикаға заңнамалық қолдау» атты халықаралық парламенттік конференция Астанада өтті

23.06.2017 14:56
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 маусымында Астанада «Инновациялық экономикаға заңнамалық қолдау» атты халықаралық парламенттік конференция өтті. Іс-шараның мақсаты энергияның балама және жаңаратын көздеріне арналған ЭКСПО-2017 Астана халықаралық көрмесінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету болды.


Финляндия, Литва, Франция, Оңтүстік Корея, Германия, Иран, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Польша, Ресей, АҚШ және басқа елдерден келген парламентарийлер, дипломаттар мен эксперттер конференцияға қатысты. Іс-шара аясындағы қызу талқылаулар екі сессия - «Жасыл экономика: жаһандық және ұлттық деңгейлердегі заманауи бағыттар мен даму перспективалары» және «Инновация - экономиканың бәсекеге қабілетін арттырудағы ең қомақты фактор: шетелдік тәжірибе» - аясында өрбіді.

ТүркПА-ға мүше парламенттердің депутаттары Илһам Әлиев (Әзербайжан) пен Фейзулла Қыйықлық (Түркия) конференцияның «Жасыл экономика: жаһандық және ұлттық деңгейлердегі заманауи бағыттар мен даму перспективалары» атты бірінші сессиясында сөз сөйлеп, ТүркПА елдерінің жасыл экономиканы дамытудағы потенциалы мен жаңаратын және балама энергия көздерін дамытудағы өзара әрекеттестіктің болашақтағы мүмкіндіктері жайлы айтты.