A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе - Turk-PA.org
Friday, 06 December 2019, 06:35:59 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Жандос Асанов: Түркі тілдерін зерттеу – ТүркПА-ның назарындағы мәселе

27.05.2017 10:29
Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» II Гуманитарлық ғылымдар форумы аясында өткен 6 панельді отырыста ғалымдар мен сарапшылар түрлі мәселелерді талқылады.




Мәселен, «Ғылым киесі: ғылыми интеграция және ортақ құндылықтар» тақырыбы бойынша өткен панельді отырыс аясында маңызды мәселелер талқы таразысына салынды. Профессор, филология ғылымдарының докторы, Түркі әлемі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов модераторлық еткен бұл жиында Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Жандос Асанов «Ғылыми ықпалдастық және ортақ мәселелер: түркі тілдерін зерттеу проблемалары» деген тақырыпта баяндама жасады.

Өз сөзінде Жандос Асанов: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан Президенті қазақ тілінің келешектегі дамуына қатысты құнды ойын айтты. Сондай-ақ, қазақ тіліне түркі әлемінен көптеген құнды, қажетті еңбектерді, құжаттарды аудару қажеттігіне айрықша мән берді. Қазақ тілі түркі тілдерінің құрамына кіреді. Қазақстан Президентінің бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы осы елдердің мәдени, рухани және гуманитарлық байланысының дамуын жандандыруды басшылыққа алып келеді. ТүркПА-ның назарында тұрған тағы бір маңызды мәселе – түркі тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп, зерделеу. Әрине, түркі тілдес елдердің тарихи тамыры бір, сондықтан, олардың тілдері де, әдебиеттері де, мәдениетері де ортақ әрі ұқсас. Сондықтан, түркі тілдерін, оның ішінде лексиканы, фонетиканы, стилистиканы салыстырмалы түрде зерттеудің маңызы зор. Бұл – біздің тілдеріміздің негізгі өзегін, сипатын, табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Сол арқылы біз өзіміздің тарихи салт-дәстүрлерімізді де зерделей аламыз», – деді.



www.egemen.kz


ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов сөзінің тезистері