A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Қазақстан парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады - Turk-PA.org
Wednesday, 23 October 2019, 20:13:45 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Қазақстан парламенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады

06.03.2017 12:11
Астана. 6-наурыз. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, халық қалаулылары «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңын екінші оқылымда мақұлдады.


Мәжіліс Төрағасы Ата заңға түзетулер жөнінде «Конституциялық реформа – бұл мықты президенттік билікті сақтай отырып, ең алдымен демократияны одан әрі нығайту, халықтық билік негізін күшейту, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттыру, -деп пікір білдірді.

Конституцияға түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында Парламент депутаттарымен бірге Конституциялық кеңес, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Нотариалдық палаталар, Құқық қорғау органдары академиясы, Кәсіподақтар федерациясы, Заңгерлер одағы, Әділет министрлігі соттық сараптама орталығы басқа да өкілдердің қатысуымен кең көлемде талқыланды. Пікірлесуге бірқатар мемлекеттік емес ұйым мүшелері де қатысты. Заңнамалық нормалар және Сенат пен Мәжіліс депутаттары енгізген өзгерістер бірлескен комиссия отырысында қаралды.

Парламент Палаталары депутаттарының алдында баяндама жасаған, аталған заң жобасы бойынша құрылған бірлескен комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров мемлекет басшысы ұсынып отырған заң жобасы Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізуді көздейтіндігін атап өтті. Баяндама мәтінін толықтай www.parlam.kz. сілтемесінен қарауға болады. Конституцияда көзделіп отырған барлық ұсыныстарды жан-жақты баяндай келіп, Нұрлан Әбдіров Бірлескен комиссияның «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын екінші оқылымда тұтастай қабылдауды ұсынатындығын жеткізді. Ұсыныс Парламент депутаттарынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті қаулы қабылданды. Отырыс соңында Мәжіліс Төрағасы біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсыныстарын негізге алып, Конституциямызға енгізілген барлық өзгерістерді қабылдадық. Осы тарихи шешіммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын,-деді.

Заң одан әрі Елбасына қол қоюға жолданады.

Дереккөз - http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id32434/1/1