A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бішкектегі пайдалы кездесулер - Turk-PA.org
Friday, 13 December 2019, 03:27:09 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бішкектегі пайдалы кездесулер

18.02.2017 11:48
“Түркі ынтымақтастығы институттарының алдында тұрған шаруа көп”, деді ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов Қырғыз-түрік Манас университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесуде. Ж.Асанов әлі күнге дейін түркітілдес елдердің арасындағы тікелей ақпарат ағынының жеткіліксіз деңгейде қалып отырғанын айта келе, ауқымды ақпарат ағынының ауқымды интеграциялануды білдіретініне назар аударды.


Университет ректоры проф. Себаһаттин Балжы мырза Қырғызстан Жоғорку Кеңешінің жақын айларда ТүркПА төрағалығына кірісетінін ескере отырып, ТүркПА-мен бірқатар ортақ шаралар ұйымдастыруға әзірлігін білдірді. Талқылауларда университет ректорының бірінші орынбасары Асылбек Қалмұрзаев пен басқа да университет басқармасы мүшелері болды.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академиядағы лекциясында ТүркПА бас хатшысы Жандос Асанов дүниеде ортақ тарихи тамырларға, мәдениетке, тілге негізделген бірқатар ұйымдардың бар екендігіне көңіл аударды. Ж.Асанов ТүркПА-ның толығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысында көрініс тапқан нормалар мен принциптер шеңберінде әрекет ететінін баса айтты.

Ж.Асанов, сондай-ақ, Академия ректоры Талайбек Қыдыровпен оңаша әңгімелесті.

Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Азамат Диқамбаевпен кездесу барысында пайдалы пікір алмасу болды. ТүркПА бас хатшысы түркі ынтымақтастығы институттары жұмысының аймақ елдері арасындағы байланыстардың нығаюына қосымша серпін беретінін атап өтті.

Бішкектегі кездесулерге ТүркПА бас хатшысының орынбасары Алтынбек Мамаюсупов те қатысты.


mediamanas.kg