A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА Іс басындағы Төрағасы – Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасы алғаш рет ресми сапармен келген Чехия Депутаттар Палатасының Төрағасымен кездесті. - Turk-PA.org
Saturday, 07 December 2019, 08:07:41 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА Іс басындағы Төрағасы – Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасы алғаш рет ресми сапармен келген Чехия Депутаттар Палатасының Төрағасымен кездесті.

07.02.2017 15:44
Астана. 6-ақпан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Чехия Парламенті Депутаттар Палатасының төрағасы Ян Гамачек бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Бұл екіжақты парламентаралық қарым-қатынас үшін тарихи оқиға. Бұл Н. Нығматулиннің пікірінше, Чехияның екіжақты әріптестікті одан әрі ынталандыруға деген мүдделілігін білдіреді.


Чехия Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екенін алға тартқан Мәжіліс Спикері қос мемлекет Президенттерінің өзара сенім мен сындарлы қатынасқа құрылған маңызды кездесулері екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға серпін беріп келе жатқанын атап өтті.

Палата Төрағасы меймандарға Қазақстан Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы үндеуі және биылғы халыққа арнаған Жолдаудың басым бағыттары жайында әңгімеледі. Жолдауда әсіресе, экономикалық бағытты жаңғыртуға айрықша назар аударылғанын алға тартқан Н. Нығматулин Қазақстан экономикасында Чехияның өзіндік орны бар екеніне тоқталды. Мәселен, біздің елемізде чехиялық капиталдың қатысуымен 100 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 186 млн. долларды құрайды. Ал, бүгінгі күні өзара іс-қимылды одан әрі күшейтудің басым бағыттары ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, фармацевтика және туризм салалары.

Өз кезегінде Ян Гамачек Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін тарихи табыс деп бағалай келіп, Қазақстан Президентінің тек аймақтық емес, әлемдік саясаттағы тұлғалық рөліне айрықша көңіл бөлді. Кездесу тараптары осы жылдың маусым айында Астанада ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін де назардан тыс қалдырмады. Онда Чехия Президенті Милош Земан құрметті қонақ ретінде қатысады деп күтілуде. Көрмеде Чехияның арнайы павильоны болады, бұл Праганың «ЭКСПО» мамандандырылған көрмесіне алғаш рет қатысуы. Жүздесу барысында, сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық, сонымен бірге, парламентаралық ықпалдастықты күшейтудің маңызды сұрақтары талқыланды.

ақпарат көзі - http://www.parlam.kz/kk/mazhilis