A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ТүркПА-ның жаңа кеңсесі ашылды - Turk-PA.org
Wednesday, 23 October 2019, 19:09:47 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТүркПА-ның жаңа кеңсесі ашылды

27.12.2016 15:42
Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты 2016 жылдың 22 желтоқсанында ТүркПА-ға мүше елдер парламенттері төрағаларының қатысуымен Баку қаласында өтті.


Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, ТүркПА Іс басындағы Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қырғыз Республикасы Жоғорку Кеңешінің Төрағасы Чыныбай Тұрсынбеков және Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің Төрағасы Исмаил Каһраман ашылу салтанатына қатысты.

Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев мәртебелі спикерлерді қабылдады.

Ассамблея Кеңесі Әзербайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиевті,
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевты және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанды ТүркПА-ның «Еңбегі үшін» медалімен марапаттау жөнінде шешім қабылдады.

ТүркПА 2008 жылдың 21 қарашасында құрылған, оның хатшылығы Баку қаласында 2010 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

ТүркПА хатшылығының жаңа кеңсесі Баку қаласы Бинәгәди ауданының Ә.Рәжәблі және С.Ахундов көшелерінің қиылысында орналасқан. Әзербайжан үкіметі Баку қаласының ортасынан арнайы жер бөліп, ғимараттың салынуы мен оның жабдықталуын толықтай қаржыландырды.

Жаңа әкімшілік кеңсенің ашылуы ТүркПА-ның өсе түсіп отырған белсенділігінің бір айғағы іспетті.