A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Н.Нығматулин Бакуде ТүркПА-ның жаңа офисінің ашылуында сөз сөйледі - Turk-PA.org
Friday, 13 December 2019, 03:37:45 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Н.Нығматулин Бакуде ТүркПА-ның жаңа офисінің ашылуында сөз сөйледі

27.12.2016 11:35
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин ТүркПА-ның жаңа әкімшілік кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты. Онда Мәжіліс Төрағасы сөз алып, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Әлиевке Баку қаласының төрінен бой көтерген бірегей ғимарат үшін ТүркПА-ның Іс басындағы төрағасы ретінде ұйым мүшелері атынан шынайы алғыс сезімін білдірді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша осы маңызды оқиға ТүркПА-елдерінің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған өте маңызды кезеңде өтіп отыр.




Сонымен бірге 1920 жылы Шығыс халықтарының тұңғыш съезі және биыл 90 жылдығын атап өткен тұңғыш түркологиялық съез осы қалада өткенін еске алған Н. Нығматулин тарихи оқиғалар тоғысқан Бакуде бауырлас елдердің бас штаб-пәтерінің орналасуы айрықша маңызды екенін атап өтті. Өз сөзінде:

-Біз Әзербайжанда ТүркПА Хатшылығының жаңа офисін аштық. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған ТүркПА-ның жаңа белеске шығуының нақты көрсеткіші. Бұл Президентіміздің осы ұйымды құру жөніндегі идеясының маңыздылығын тағы да көрсетті. Сондықтан, алдағы уақытта ТүркПА елдері, соның ішінде, заң шығарушы органдар арасындағы әріптестік бұрынғыдан да тереңдей түсетін болады,-деді.

Биылғы басқосудың тағы бір ерекшелігі ТүркПА-ның шешімімен Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия елдерінің Президенттері «Еңбегі үшін» медальмен марапатталды.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)



www.parlam.kz