A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ! - Turk-PA.org
Wednesday, 16 October 2019, 21:20:05 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ!

15.12.2016 11:23
Құрметті әпке-қарындастар, аға-інілер!

Атамекеніміздің дербес мемлекет болып, өзінше жеке шаңырақ көтеруінің ширек ғасырлық мерейтойына орай шын жүректі құттықтауларымды жолдаймын.


Тәуелсіз тарихтың алғашқы жиырма бес жылында ғаламат істер тындырылды. Дана Елбасымыздың көреген саясатының арқасында Қазақ елі Евразия төсінде орналасқан алдыңғы қатарлы беделді де жасампаз мемлекет ретінде танымал болды. Көркі көз қарықтыратын әсем Астананың қалыптасуының өзі – даңқты дәуір дастаны. Қоғамдағы жарастық игі істерге жетелеп, аймақтағы ең қуатты экономиканың қалыптасуына себепкер болды. Бірнеше мыңдаған шақырымға тас және темір жолдардың қысқа мерзімде төселуі елді Батыс пен Шығыс түйісетін жазираға айналдырды.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Өздеріңізге зор денсаулық және еліміздің өркендеп, көркеюіне бағыштап жатқан еңбегіңізге толассыз табыстар тілеймін!


Жандос Асанов, ТүркПА Бас хатшысы