A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Тәуелсіздік тәлімі - Turk-PA.org
Friday, 13 December 2019, 04:29:01 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Тәуелсіздік тәлімі

15.12.2016 11:01
Әлемде, әсіресе, түркі дүниесінде «Еуразияның жүрегі» саналатын Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуіне жиырма бес жыл толуда.

Бұл жиырма бес жылда қазақ халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен даңқты бір тарихи жолмен жүріп өтті; енді міне, Қазақ елінің тәуелсіздігінің ұзақ ғұмырлы екендігіне титтей болса да шүбә жоқ.


Ең алдымен мемлекет өзінің бай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-рухани по­тен­­циалына негізделген, өзіне тие­­сілі тұрлаулы да сенімді да­му жолына түсті. Бұл бағытты Пре­зи­дент Нұрсұлтан На­зар­­баев өзі­­­­нің мәшһүр кітабында ег­жей-тег­жейлі сипаттай келе, оны бүт­­кіл дүниежүзіне «Қазақстан жо­лы» деп таныстырған.

Қазақ елінің дербестік тарихы азаттық жолына түскен әрбір ха­лық, ел, мемлекет үшін мысалға толы мектеп іспетті. Және де, же­ке пікірімше, оның дәріс-са­бақ­тары зе­йін қоя зерделеуге, тәжірибесі ой еле­гінен өткізе зерт­­теуге лайықты.

Қазақтар, ең әуелі, көне дә­­уір­­­лерден тамыр алатын даңқ­­­ты тарихқа ие. Шыққан те­гін ұмыт­тыруды көз­­­­­­деген идео­ло­гиялық қысымға төтеп бере біл­ген ха­лық­­тың сана-сезімін қалпына кел­­тіру үшін тек жекелеген зия­­лы қауым өкілдері ғана емес, бү­­кіл қоғам болып жұ­­мылды. Қа­­зақ хандығының 550­ жылдық мерейтойының ха­лы­­қ­­­­аралық дең­­гейде еңселі де­ салтанатты атап өтілуі Қазақ елі­­нің, баз біреулердің қате ой­лай­тынындай, тарих сахнасына өт­кен ғасырда немесе октябрь со­циа­листік ре­­во­люциясының әсе­рінен шық­пағанын, керісінше, оның та­мы­­­ры ежелгі түркі дәуірінен – сонау Ал­­тайдан бастау алатын бір­­неше мыңжылдық тарихы бар екенін көр­сетті. Және бұл соңғы бес жүз­ жыл­дағы тарихтағы қа­зақ­­тар­­­­дың өздері жеке қоғам бола ал­уының, халықтың ана­­ғұр­лым күш­ті, қуатты әрі тегеу­рін­­­­­ді мем­лекет құра алатын қа­­бі­ле­­­тінің (немесе ғасырлар бо­йы қордалаған тәжірибесінің) же­­­місі. Қазақтардың немесе саяси тәу­ел­сіздігі болмаған басқа да түркі ха­­­лықтарының жаңа тарихтың бас­тап­қы кезеңдерінде отар елдерге айналуы олардың тарихи аумақтары мен туып-өс­кен жерлерін талай дүр­­кін бас­­­­қыншылыққа ұшыратты, тұр­ғын­дары түрлі желеумен қуғын-сүр­гінге душар болып, ұлттық мә­дениет тепкі көрді... Осы се­­бепті де жиырма бесжылдық дер­бестік заманының көп кезеңі тарихи ойлау қабілетін (немесе тәжірибесін) қал­пы­на келтіруге жұмсалды, ұлт­тық тәуелсіздіктің нығаюына арналды.

Қазақ елі тәуелсіздігінің берген екінші дәрісі, ешбір шү­бә­сіз, бір кезде күйреген түркі дү­­ние­сімен бай­­ланыстарының ең жоғары дең­гейде қайтадан құрылуы болды. Түр­кия, Әзір­­бай­жан, Өзбекстан, Түрік­мен­стан және Қырғызстан си­яқ­ты мем­­лекеттермен Қазақ елі­­­нің қа­­лыптастырған шын жү­рек­ті бауырмал қатынастардың эко­но­мика болсын, саяси болсын, сондай-ақ мәдени салаларда бол­­сын ірі перспективалары бар. Қа­зақ елі тәуелсіздігінің сәу­лет­шісі (және кепілі) Нұрсұлтан На­зар­­­­баевтың бірнеше жылдардан бері түркі дүниесінің ақсақалы ре­тінде танылуы, бір жағынан, алып мемлекеттік қайраткердің жеке тұлғасын сипаттаса, екін­ші­­ден, қазақ халқының ұлттық мем­­­­лекетшілік санасының терең қой­­науларда жатқан қат­парлардан құ­ралғанын көр­сетеді.

Түркі дүниесінің сан сала­дан зерт­­теп, зерделеумен айна­лы­­сатын ең ірі «ми орталығы» – Ха­лықаралық түр­кі академия­сы­ның Астанада ор­ны­ғуы кез­дей­соқтық емес. Ака­де­мия қысқа уақыт ішінде құнды дү­ниелермен айналысып кетті.
Қазақ елінің тәуелсіздігі бер­ген үшін­ші сабақ – өлке бүкіл дүниежү­зін мойындатып, сый мен беделге ие болған. Аймақта болсын, не өңір сыртында бол­сын жүргізіліп жатқан үздік әрі берік (әрі ізгі) қағидаларға сүйенген дипломатиялық сая­сат – мемлекетаралық өзара се­­­нім мен тату-тәтті көршілік нор­­­ма­ла­рына айнымастықтың мы­са­лы. Бүгінгі күндері елорда Ас­­та­на­­да түрлі елдерге тән ерекше ғи­мараттарды тамашалағанда Қазақ елінің тек сөзбен емес, іс­пен де өз ұлттық келбетін қор­ғап, дамытумен қатар, әлем ха­лық­тары, елдерімен көпжақты байланыстарға ерекше көңіл бө­летініне көзің жетеді...

Қазақ елінің тәуелсіздігі қол жеткізген нәтижелері оның мойымас көсемі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиыр­ма бес жылдың әрбір жылында та­ныт­қан қуатты да адуынды та­ри­хи жігерінің арқасында мүм­­кін болды. Осындай ерен Бас­шысы бар қазақ халқын там­сан­­­дырарлық жетістіктерімен құттықтауға бар­лық негіз бар! Тәуелсіздіктің тор­қалы тойы құт­ты болсын!

Низами ЖАФАРОВ, профессор
Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжлисінің депутаты,
ТүркПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының мүшесі



www.aikyn.kz