A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Алматыдағы БҰҰ конференциясы - Turk-PA.org
Thursday, 17 October 2019, 06:32:32 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Алматыдағы БҰҰ конференциясы

13.12.2016 15:30
«Превентивті дипломатиядағы парламентарийлердің рөлі» атты семинар 2016 жылғы желтоқсанның 12-13-інде Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы превентивті дипломатия бойынша аймақтық орталығының ұйымдастыруымен өтті (United Nations’ Regional Centre for Preventive Diplomacy for Central Asia (UNRCCA)).


Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия және Италиядан келген парламент депутаттары мен эксперттер халықаралық шара жұмысына қатысты. Орталық Азиядағы қауіпсіздік, су ресурстарын басқару, есірткі тасымалдау, аймақ елдері арасында информация ағыны мәселелері, сондай-ақ, аталған түйткілдерді реттеудегі аймақтық парламентаралық әрекеттестікті жандандыру сұрақтары семинарда кеңінен талқыланды.

Жиынға қатысқан ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов ТүркПА-ның мақсаты мен мұраттары, оның қазіргі кездегі түрлі халықаралық және аймақтық ұйымдармен әрекеттестігі жайлы баяндап берді. Ж.Асанов семинардың бір сессиясының модераторы болды.

Іс-шараның аясында ТүркПА Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Орталық Азиядағы өкілі Петко Драгановпен, парламент мүшелері және сарапшылармен сұхбаттасты.