A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Бакуде Түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арналған конференция өтті - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 20:51:10 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бакуде Түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына арналған конференция өтті

25.11.2016 10:43
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) Әзербайжан Республикасы Милли Мәжлисі және Түркі мәдениеті мен мирасы қорымен бірлесе отырып, Бакуде бірқатар түркітілдес елдер тәуелсіздіктерінің 25-жылдық мерейтойына арналған конференция өткізді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғыстан, Әзербайжан мен Түркияның заң шығарушы органдарының өкілдерімен, аталған елдердің, Бакудегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бакудегі меншікті тілшісі.



«Бұл тарихи күн, былтыр ғана тойлап өткен Қазақ елі мемлекеттілігінің 550 жылдығының қорытынды жетістігі. Үш ғасырға жуық отаршылдықты басынан кешкен Қазақ елі, ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекет. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы жаңа тарихымызда заманауи мемлекет құрған еліміздің ауқымды тарихи жетістіктерінің жарқын көрінісі. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктің 25 жылы - ілгерілеу мен қарқынды дамудың кезеңі болды. Біз жаңа тарихымызда табысты және Орталық Азия өңірінде көшбасшысы мемлекет екендігімізді дәлелдедік. Өз Тәуелсіздігінің 25 жылында еліміздің экономикасы белсенді дамыған, табысқа жетудің бірыңғай, бірегей тәжірибесі бар саяси-әлеуметтік тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты», - деді ҚР Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев.

Сондай-ақ елші, өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болғандығына баса тоқталды. «Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» Стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылды. Елбасымыздың саяси ерік-жігері және стратегиялық көрегендігі дамудың қазақстандық үлгісінің табысты болуын айқындап, Қазақстанның орнықты өсіп-өркендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды. Қазір еліміз «Қазақстан 2050» Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басты. Елбасы Н.Назарбаевтың байыпты халықаралық бастамаларымен еліміз үлкен халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының танымал көшбасшысына айналды. Өзінің жаңа тарихында бірнеше рет бастап өткерген ғаламдық экономикалық дағдарыстар кезеңінде дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында еліміз экономикасын түзеп, тығырықтан шыға білді. Сарабдал сыртқы саяси бағытты қалыптастырып, экономикасы нығая отырып, өзін бүкіл әлемге сенімді, әрі тұрақты серіктес ретінде танытты»,-деп атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында, Шанхай ынтымақтастық ұйымында, Ислам ынтымақтастығы ұйымында төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындағы беделін биіктете түскенін тілге тиек етті. Іс-шараның ашылуында сөйлеген Әзербайжан Республикасы

Милли Мәжлис төрағасының бірінші орынбасары Зияфәт Әскәров түркітілдес елдерден келген депутаттарға, осы елдердің Бакуде орналасқан елшілеріне және де халықаралық ұйымдардың өкілдеріне жылы лебізін білдірді.


www.inform.kz
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар