A PHP Error was encountered

Severity: Notice

Message: Undefined property: Domain\Archives::$description_meta

Filename: controllers/Archive.php

Line Number: 42

Backtrace:

File: /var/www/app/turk-pa/vendor/monolog/monolog/src/Monolog/ErrorHandler.php
Line: 164
Function: call_user_func

File: /var/www/app/turk-pa/application/controllers/Archive.php
Line: 42
Function: handleError

File: /var/www/app/turk-pa/index.php
Line: 325
Function: require_once

Ішкі және әлемдегі қауіпсіздік форумы - Turk-PA.org
Friday, 28 January 2022, 19:56:42 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Ішкі және әлемдегі қауіпсіздік форумы

21.10.2016 09:12
Ішкі және әлемдегі қауіпсіздік форумы Брюссельде 2016 жылғы 19-21 қазанда өтті. Іс-шараны Кранс Монтана Форумы - швейцариялық үкіметтік емес халықаралық ұйым – ұйымдастырды және ТүркПА жиынға демеу көрсеткен ұйымдардың қатарында болды.


Үш күндік басқосуға Европа, Азия және Африканың көптеген елдерінен ресми адамдар мен қатысушылар келді. Жалғасып жатқан көптеген аймақтық жанжалдар кезіндегі жаһандық экономикалық байланыстардың одан әрі дамуы

««Дағдарыстарға» әлемімізде орын жоқ» және «XXI ғасырдағы жібек жолдары: жаһандық сауда мен жаһандық қауіпсіздік» атты панелдік отырыстарда қаралды. Жиынның осы бөлігіне Қытай Халық Республикасының Жібек жолы халықаралық коммерция палатасы демеушілік етті.

«XXI ғасырдағы жібек жолдары: жаһандық сауда мен жаһандық қауіпсіздік» атты панелдік отырыста сөйлеген ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов ТүркПА-ға мүше елдердің Қытай 2013 жылы көтерген Бір белдеу, бір жол бастамасын қолдағанын тілге тиек етті. Тарихта ТүркПА кеңістігі Ұлы жібек жолының маңызды бөлігі болған және Шығыс пен Батыс арасын жалғайтын көпір рөлін атқарған, сондықтан да ТүркПА елдері өздерінің көлік және транзит потенциалын толық пайдаланғысы келеді, деп сөзін сабақтады ТүркПА өкілі. Қазақстан мен Қырғызстанның Евразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, ал Түркияның Европалық одақтың кеден одағында 1995 жылдан бергі мүшелігі аймақтар мен аймақтық сауда блоктары арасында өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықтың өрістеуіне сеп болады, деп қорытты өз сөзін Ж.Асанов.

Жиын аясында Ж.Асанов Кранс Монтана Форумы кеңесші алқасының төрағасы Даниел Уорнермен, Қытай Халық Республикасының Жібек жолы халықаралық коммерция палатасының құрушы төрағасы Жанжоң Лумен және басқа да қатысушылармен жүздесіп, әңгімелесті.

ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов пен Кранс Монтана Форумы Президенті Пьер-Эммануел Куирин өз ұйымдарының атынан Түсіністік меморандумына қол қойды.



Speech of the TurkPA Secretary General
ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар